2026 жылдың 25 қыркүйегінде «Өндірістегі 10 күн» бастамасы аясында ветеринарлық медицина мамандығының студенттері мен «Ясная Поляна» ЖШС өкілдерінің кездесуі өтті. «Ясная Поляна» сүт фермасының жетекші жалпы практика ветеринары Равиль Музаффарович Кирепко жұмыс, тұру және тамақтану жағдайлары, жалақы мөлшері, тағылымдаманың ерекшеліктері, сондай-ақ кәсіпорында тәжірибеден өту және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтып берді. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, студенттерге өздерін қызықтырған сұрақтарды қоюға мүмкіндік берілді.

